КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ
Колледж миссиясы – техникалық және кәсіптік білім беруде еңбек нарығына бейімделуге қабілетті мамандар даярлау арқылы құзіретті тұлғаны қалыптастыру.
КОЛЛЕДЖ ҚЫЗМЕТІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ:
- Типтік білім беру мазмұнын жаңартуға сәйкес білім беру процесін ұйымдастыру, сапалы білімге қол жетімділік қамтамасыз ету;
- Практикалық оқыту технологияларын жетілдіру және әлеуметтік серіктестікті кеңейту;
- Кадрлық әлеуетті дамыту, инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- Белсенді азаматтық ұстанымды, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру;
- Материалдық-техникалық базаны нығайту;
- Инженерлік-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ІТ құзыреттілігін дамыту;
- Менеджмент сапасының жүйесін жақсарту;
- Кәсіптік бағдар беру жүйесін жетілдіру, білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты нығайту.
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- Ұлттық стандартының негізінде колледжді басқару жүйесін жетілдіру, сонымен қатар, үнемі өзгеріп отыратын білім беру қызметтерінің жағдайына бағдарлануды қамтамасыз ететін ұйымдастыру құрылымын жетілдіру;
- Заманауи білім беру технологияларын енгізу негізінде қызметті ақпараттық қамтамасыз етуді үнемі жетілдіру арқылы білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін жағдай жасау;
- Оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық және білім беру қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді үнемі жетілдіру арқылы білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін жағдай жасау;
- Үздіксіз оқыту және оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыру арқылы педагогикалық қызметкерлердің жоғары біліктілігн қамтамасыз ету;
- Барлық қызметкерлердің қызмет сапасы үшін жауапкершілігін арттыруға және уәждемелеуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қалыптастыру;
- Студенттердің оқуға деген оңды уәждемесі, олардың кәсіби, зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуына қанағаттану үшін жағдай жасау;
- Жұмысшы мамандарының көшбасшылық қасиеттерін дамыту және өзін-өзі дамытуға бағытталған гуманистік және денсаулық сақтау ортасын құру арқылы колледждің тәрбие кеңістігін кеңейту.
- Колледждің эксперименталды және инновациялық қызметін дамыту, сонымен қатар, әртүрлі эксперименталды жобаларды іске асыруға қатысу.
- Білім беру бағдарламаларын бірлесіп іске асыруда өзара іс-қимылдың желілік нысанының негізінде алыс және жақын шетелдердің білім беру мекемелерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
- Әр түрлі әлеуметтік желілер (Фейсбук, Инстраграмм), жеке сайт арқылы сапа менеджменті жүйесінің болуы мен жұмыс істеуін, колледж қызметі туралы мәліметтердің ақпараттық ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету.






